Бүгінгі таңда, қаламызда бірқатар спорт ғимараттарының қажеттілігі туындап отыр. Нақтырақ айтсақ жаңа футбол стадионының құрылысы. Қазіргі уақытта жер телімдерді мемлекеттік мұқтаждыққа алу жұмыстары жүргізілуде. Осылай деген дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы ағымдағы жылдың 4 айында атқарған жұмыстары бойынша есеп берді.
Бүгінгі таңда, Шымкент қаласында жалпы 33 спорттық ұйым бар. Онда спорттың 74 түрі дамытылады. Дегенмен спорт нысандарында туындап отырған қажеттіліктер де бар. Маратбек Мықтыбеков қаламызда бірқатар спорт ғимараттарының қажеттіліктеріне тоқталды.
Жыл басынан қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар, бұқаралық спортты дамыту, спортпен шұғылдануға тарту мақсатында қала аумағында 97 спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 11 мыңнан аса адам қатысты. Ал, Париж қаласында 2024 жылғы 18-ші жазғы олимпиада ойындарына қаламыздың үміткер спортшыларымен тиісті дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Олимпиада ойындарына үміткер спортшылар тізімдері жасақталып, дайындық үстінде. Олимпиада ойындарына қоржынымызда 10 жолдама бар. Дегенмен, грек-рим күресі, көркем гимнастика, стенд ату және нысана көздеу спорт түрлерінен тағы 4 жолдама жеңіп алу жоспарда бар.