Бүгін Астанада Philips компаниясының портативті ультрадыбыстық диагностика аппараттарының жергілікті өндірісін құру жөніндегі жобаға қатысу ниеті туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Медициналық мекемелердің қабырғасынан тыс УЗИ-жүйелерді қолдану пациенттерге сапалы медициналық диагностиканы жедел жүргізуге және нақты уақыт режимінде телемедициналық консультациялар жүргізуге мүмкіндік береді.
Тараптар осындай озық медициналық технологияларды дамыту шалғай аудандар мен ауылдардың тұрғындарына, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсетуде ерекше маңызды екенін атап өтіп, ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.