ТОО «Kaz-metiz» болат сым және арқан өнімдерін шығаратын Қарағанды қаласында орналасқан зауыт. Өндірісті құру және дамыту елдің индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылды. Өндірісті кезең-кезеңімен игеру «Kaz-metiz» ЖШС (Қазметиз) өнімдерін ішкі нарыққа жеткізу көлемін ұлғайтуға және сол арқылы ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың және өзге де отандық тұтынушылардың сатып алуларындағы қазақстандық қамту үлесін арттыруға мүмкіндік берді, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі.
Беріктігі жоғары арматуралық сым, мырышталған сым, болат арқандар, болат алюминий сымдарға арналған мырышталған өзек, арматуралық арқандар өндірісі игерілді. Зауыттағы қызметкерлер саны 267 адам. Өндіріс ошағының қуаттылығы жылына 30 мың тонна өнім өндіреді. Дайын өнімдерді өндіруде термиялық өңдеу, ою, сызу, мырыштау, сымды орау технологиялары қолданылады. Қытайдан, Италиядан, Бельгиядан осы саладағы жетекші өндірушілердің жабдықтары орнатылған.
«Kaz-metiz» ЖШС (Қазметиз) осы күнге дейін Қазақстан темір жолында, тау-кен металлургия кешенінде, энергетика және құрылыс секторларының кәсіпорындарында жұмыс істеп тұрған 300 мың тоннадан астам өнім өндірді. Шығарылатын өнімнің едәуір көлемі Ресейге, Қырғызстанға, Өзбекстанға экспортқа жөнелтіледі.