• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ЕЛОРДАДАҒЫ ӘСКЕРИ ГОСПИТАЛЬДЕ УРОЛОГИЯЛЫҚ ҮШ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ

10.05.2024
0

Операциялар ҚР Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталінде жасалып, YouTube платформасында онлайн режимде көрсетілді. 

Олардың барысын Қазақстанның әр өңірінен, таяу шет елдерден келген дәрігерлер, сондай-ақ «Астана» медицина университетінің студенттері бақылап отырды. Онлайн-конференцияға қатысушылар операциялар процесімен егжей-тегжейлі танысуға, сұрақтар қоюға және оған тікелей эфир арқылы жауап алуға мүмкіндігі болды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Лазерлік жабдықты қолдана отырып, жоғары мамандандырылған урологиялық операцияны медицина ғылымдарының кандидаты, С.П. Боткин атындағы Мәскеу қалалық клиникалық ауруханасының жоғары санатты уролог дәрігері Роман Андреев жасады. Ота жасау үшін ресейлік хирург өзімен бірге Қазақстанда баламасы жоқ итальяндық лазерлік аппарат кешенін алып келді. Дәрігердің тәжірибесіндегі ең жасы үлкен пациент 103 жастағы қария екенін атап өтті. Ал бүгінгі пациент небәрі 70-те.

– Науқасқа қуық асты безінің қатерсіз аденомасына операция жасалды. Ұйымдастырушылар тәжірибе алмасу үшін барлық жағдай жасауға тырысты. Біз кең спектрде қолданылатын итальяндық лазерлік жабдықтың жұмысын көрсеттік. Бұны нейрохирургияда, хирургияда және гинекологияда қолдануға болады, – деп түсіндірді Роман Андреев.

Лапароскопиялық пластика бойынша екінші операцияны жоғары санатты уролог-дәрігер, Ұлттық ғылыми медициналық орталығы урология бөлімінің аға ординаторы Рустам Омарбаев жасады. Үшіншісін ретроградтық интраренальды хирургия бойынша әскери госпиталь урология бөлімінің бастығы медицина қызметінің подполковнигі Дастан Кенжерахманов басқарды.

Бұл тұрғыда оның біраз тәжірибесі бар. Өткен жылдың жазында Қазақстанда алғаш рет әскери хирург уролитиазбен ауыратын науқастың екі бүйрегінен бірден тастарды алып тастау үшін күрделі операция жасады. Сол кезде бүкіл медициналық процедура да онлайн режимінде көрсетілген.

Бас әскери клиникалық госпиталь бастығы медициналық қызмет полковнигі Ғабиден Айдаров атап өткендей, форумның негізгі мақсаты – урология және андрология саласындағы жаңа технологиялармен Қазақстанның әртүрлі өңірлері мен таяу шет елдердің жас және тәжірибелі дәрігерлерімен тәжірибе алмасу.

– Конференция өткізу – урологияны дамытудағы маңызды қадам. Ол ғылым мен практика арасындағы байланысты қолдауға бағытталған, бұл, сөзсіз, ғылыми медициналық зерттеулер процесін жақсартуға үлес қосады және мамандарды одан әрі жемісті жұмыс істеуге ынталандырады, – деді Г. Айдаров.

Өз пікірімен «Астана медицина университеті» КЕАҚ урология және андрология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ұланбек Жаңбырбекұлы да бөлісті. Биыл 60 жылдығын атап өтетін университет әскери госпитальмен тығыз байланыста жұмыс істейтінін атап өтті.

– Бүгінгі мастер-класс урологиядағы жаңа технологияларға негізделген. Бізге жоғары қуатты лазер әкелінді, оның көмегімен қуық асты безінің аденомасы қан шығарусыз жойылады. Бұл аппараттың артықшылығы сол, пациенттер қысқа мерзімде қалпына келіп, 2–3 тәулікке стационардан шығарылады, – деп нақтылады Ұ. Жаңбырбекұлы.

Аталмыш шара «Урологиядағы заманауи лазерлік технологиялар» тақырыбы бойынша мамандардың пікір алмасуымен аяқталды.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
23.05.2025
0

Түркістан қаласының нышанын (герб) әзірлеуге конкурс жарияланған болатын. Өтінім қабылдауға санаулы күн қалды, 3-маусымға дейін. Үздіктері қаржылай марапатталатын болады. Атсалысуға...

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.