Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»КЕНЕЛЕРДІҢ ҚАПТАЙТЫН КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
    Айғақ MEDIA

    КЕНЕЛЕРДІҢ ҚАПТАЙТЫН КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.04.2024151 Views

    Сақ болыңыз! Конго қырым қанды қызбасы, яғни кенелердің қаптайтын кезеңі басталды. Шымкентте жыл басынан бері кене шағу дерегімен медициналық көмекке 24 адам жүгініпті. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге төмен. Дегенмен, мамандар сәуір, мамыр айларында сақ болуға шақырады!

    Шымкент қаласының аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтары орналасқан. Аурудың алдын алу үшін мамандар арнайы жиын өткізді. Олардың айтуынша кенелердің табиғатқа жаппай шығуы әдетте наурыз-сәуір айларының басында басталады, олардың шығуынан зардап шеккендердің ең көп саны мамыр-маусым айларында тіркеледі.

    Конго-Қырым қанды қызбасы — аурудың адамға жұғуы кене шаққанда, қанға тойған кенелердің қаны адамның шырышты қабығына немесе терісіне тиген кезде, науқастың заттары мен бұйымдарымен байланыста болған кезде, малдағы кенелерді тазалаған кезде, қайшымен қырқу және кенелерді қолмен алып тастау кезінде болады.

    Егер кене шақса адамда температураның 39-40 градусқа дейін тез көтерілуі, қатты бас ауруы, көздің, беттің, мойынның және дененің жоғарғы бөлігінің қызаруы, мойын мен арқа бұлшықеттерінің ауыруы, жүрек айну, құсу, іш өту, сосын терінің бөртуі, мұрын, қызыл иек, жатырдан және асқазаннан қан кетуі белгілері байқалады.

    Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу үшін кене шаққан жағдайда немесе кенемен жанасқанда, бірден медициналық көмекке жүгіну қажет. Кене жабысқан жағдайда оны жоймай, беті тығыз жабылатын ыдысқа салып, зертханаға зерттеуге тапсыру қажет. Ал кене шағуынан зардап шеккен адамдар жергілікті емдеу профилактикалық мекемемен 14 күн медициналық бақылауға алынады.

    Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығы тарапынан кенеге қарсы көктемгі залалсыздандыру жұмыстары сәуір айының 15 мен 17 аралығында жүргізілу жоспарланған. Сондай-ақ, оның екінші кезеңі тамыз айында жүргізіледі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.