Бүгін, Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Жиында Шымкент қаласында мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер саласында атқарылып жатқан жұмыстардың есебі тыңдалып, басқарманың 2023 жылғы атқарған жұмыстарының қорытындысы, 2024 жылғы I тоқсанның есебі және алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспары талқыланды. 
«Түркістан сарайы» ғимаратында өткен мәжіліске Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты мекеме қызметкерлері, мәдениет саласы бойынша зиялы қауым өкілдері, аудан әкімдіктерінің сала бойынша мамандары және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлірі қатысты.
ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ
Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...










