Мемлекет басшысы Атырау қаласында өткен ұлттық құрылтайда халықтың береке-бірлігін сақтау елдігіміз үшін аса маңызды. Елдің тұтастығы зиялы қауымның бірлігінен басталады деген болатын. Түркістан облысы ардагерлер кеңесінің кеңейтілген отырысында дәл осы ұсыныс бойынша жиын өтті. Алдағы жоспарлар айтылды, университет ғалымдарының баяндамалары тыңдалды.
Түркістан облысы ардагергер кеңесінің кеңейтілген отырысы Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ де өтті. Төралқа мәжілісіне аудандық, қалалық ардагерлер кеңестерінің және “Әкелер мектебінің” төрағалары, аудандық, қалалық “Әжелер алқасының” төрайымдары сондай ақ университет ғалымдары мен қала әкімдіктерінің ішкі саясат және білім бөлімдерінің басшылары қатысты. Жиында ТО ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов елдің ынтымағы мен дамуына зиялы қауым өкілдері мен ардагерлердің қосар үлесі орасан екендігіе айтты. Сондықтан жауапкершілікті сезініп, тиянықты жұмыстар атқарады деп сенім білдірді.
Ұлттық құрылтайда айтылған ұлағатты сөздер мен ұсыныстарды жас буынға хабардар ету мақсатында мектеп бағдарламасына сабақтан тыс қосымша пән енгізу керектігін алға тартты зиялы қауым өкілдері. Нәтижесінде Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ ғалымдарының қолдауымен қазіргі таңда білім беру бағдарламасына “Дәстүртану” пәнін енгізу жоспарлануда. Бұл пән бастауыш сынып оқушыларына арналмақ.
Ел бірлігінің мәңгілік болуында зиялы қауым өкілдерінің арқалар жауапкершілігі көп. Халқымыздың тарихында ұлтты ұйыстырып, татулығын сақтағандан ақсақалдар болған. Осы ретте ардагерлерлі қолдап, зиялы қауымдармен бірге атсалысатын болса құба құп болар еді дейді жиынға қатысушылар.