• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қаңтар 16, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ САЛЫҚТЫҚ ЖӘНЕ КЕДЕНДІК АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ИНТЕГРАЦИЯЛАУДЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН АЯҚТАУДЫ ТАПСЫРДЫ

20.03.2024
0

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында салықтық және кедендік әкімшілендіру және процестерді цифрландыру шараларын жетілдіру мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын жүзеге асыру аясында осы жылдың наурыз айында Қазақстанда отандық экспорттаушыларға ҚҚС қайтару рәсімдері қайта қаралды. Тәсілдердің өзгеруін ескере отырып, енді растау үлесі ұлғайтылады, бұл қазақстандық тауар өндірушілер үшін елеулі қолдауға айналады. Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір бұл процедураның жеделдігін қамтамасыз ететін аналитикалық жүйе әзірлеу сатысында. Соңғы екі айда экспорттаушыларға жалпы берешектің жартысына жуығы қайтарылды.

«2023 жылы қосылған құн салығы бизнеске қайтарылғанымен, бизнес субъектілері 600 млрд теңгеге жуық қаражатты ала алмады. Ал бұл – тауарлар экспортын жүзеге асыратын 485-ке жуық компания. Яғни, бизнес айналым қаражатынан айырылып қалды. Бұл – кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу. Осыған байланысты Қаржы министрлігі қосылған құн салығының расталған сомаларын бизнеске қайтарып, қосылған құн салығын қайтару рәсімін оңайлату жөнінде шаралар қабылдауы қажет. Бұл ретте, қайтарылған қосылған құн салығының сомасын бизнес өз кәсібін жаңғыртуға және кеңейтуге қайта инвестициялауды көздейтін тетіктерді пысықтауды тапсырамын», — деді Премьер-Министр.

Соңғы 5 жылда салықтық және кедендік әкімшілендіру шаралары мен оларды цифрландыру есебінен, республикалық бюджет қосымша 4 трлн теңгеге толтырылды. Биыл әкімшілендіруге арналған кіріс бойынша 1,6 трлн теңгеге жоспар құрылған. Бұл алдыңғы жылғы деңгейден 173%-ға артық. Үкімет нақты міндетке қол жеткізу мақсатында бірқатар шаралар қабылдауда.

Атап айтқанда, салықтық тексеруді белгілеу кезінде, Тәуекелдерді басқару жүйесінің (ТБЖ) өлшемшарттары қайта қаралды. Енді олар, нақты іріктеу әдісімен жүргізіледі. Мәселен, 2022 жылмен салыстырғанда, салықтық тексеру саны 16%-ға азайса да, салықтық өндіріп алу екі есеге ұлғайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Мемлекеттік кірістер комитетінің барлық ақпараттық жүйелеріне, тәуелсіз IT-аудит жүргізу бойынша жұмыс басталды. Оның нәтижесі бойынша, Мемлекеттік кірістер комитетінің жаңа ақпараттық архитектурасы қалыптасатын болады.

Олжас Бектенов салықтық және кедендік ақпараттық жүйелерді интеграциялауды жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды.

Үкімет басшысы жаңа Салық кодексі әзірленіп жатқанына тоқталып, өткен жылы халықтан келіп түскен салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелеріне қатысты өтініш пен арыз-шағымдарын ескеру және әкімшілендірудің сервистік моделіне назар аудару қажет екенін атап өтті.

«Жаңа Салық кодексіне қойылатын талап өте қатаң. Бұған дейін ұсынылған тәсілдерге қатысты орынды сын айтылған болатын. Бизнес пен қоғам бұл құжаттан оң өзгерістер күтіп отыр. Ең бастысы, ол ашық, бәріне түсінікті және үйлесімді болуы керек. Алайда, Кодексті әзірлеу созылып барады. Сондықтан бұл жұмысты жедел аяқтау қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қазақстанда сыртқы сыртқы шекараның барлық өткізу бекеттерінде және (ЕЭО-ға мүше елдермен) ішкі шекараның 7 өткізу бекетінде электрондық кезек жүйесі енгізілді. Бүгінде бұл Орталық Азиядағы автокөліктің жиналып қалуын барынша азайта отырып, тасымалдау процесінің ашықтығы мен жылдамдығын қамтамасыз ететін жалғыз жүйе.

Премьер-Министр өткізу пункттерін жаңғырту және жабдықтау жұмыстарын жылдамдату керек екенін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің салық төлеушілермен және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен тікелей өзара іс-әрекет жасауына барынша жол бермей, салықтық және кедендік әкімшілендірудің барлық процестерін барынша цифрландыру қажет.

Үкімет басшысы салықтық жеңілдіктерді қолданудың міндетті мониторинг тетігін енгізуді, сондай-ақ бизнестің қарсы міндеттемелерін белгілеуді тапсырды. Жеңілдіктер қаржылық есептеулер негізінде экономикалық тұрғыда негізделіп берілуі керек, нәтижелерге қол жеткізудің нақты мерзімдері көрсетілуге тиіс.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ КӨП ЖҮКТЕМЕСІ БАР АҚЫЛЫ ЖОЛДАРДЫҢ ТОП-10-Ы

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ КӨП ЖҮКТЕМЕСІ БАР АҚЫЛЫ ЖОЛДАРДЫҢ ТОП-10-Ы

Айғақ медиа
15.01.2026
0

2025 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің ақылы автомобиль жолдарында 74 млн-ға жуық сапар тіркелді. Қазіргі уақытта ел аумағында жалпы ұзындығы 4...

ҚАЗАҚСТАНДА ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫНЫҢ ФОРМАТЫ ЖАҢАРДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫНЫҢ ФОРМАТЫ ЖАҢАРДЫ

Айғақ медиа
15.01.2026
0

Биыл елімізде электронды денсаулық паспортының форматы түбегейлі жаңарады. Денсаулық сақтау министрлігі қазір мемлекеттік және жеке клиникаларды өз деректерін орталық қорға...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 2 СУ ҚОЙМАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 2 СУ ҚОЙМАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Айғақ медиа
15.01.2026
0

▪️Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде өңірді ағын сумен қамтамасыз ету және су үнемдеу технологияларын енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар...

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.