• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қараша 12, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ҚАЗАҚСТАН МЕН ШҰАА САУДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТУГЕ КЕЛІСТІ

19.03.2024
0

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі, ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы парткомының хатшысы Ма Синжуймен және ШҰАА басшысы Эркин Туниязбен кездесуде Үрімші қаласында Қазақстан-Қытай сауда ынтымақтастығын нығайту және сауда өкілдігін ашу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.

30 жылдық тарихы бар белсенді серіктестік Қазақстан мен Қытай арасында экономикалық, сауда және инвестициялық берік байланыстарды орнатты. 2023 жылы біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы 31,5 млрд долларға жетті, оның ішінде ШҰАА үлесі 64% немесе 20,3 млрд доллар тиесілі. Бүгінде Қытай Қазақстанның сыртқы саудасында жетекші орын алады, ал экспорт-импорт операциялары серпінді өсім көрсетіп отыр.

Арман Шаққалиев атап өткендей, өткен жылы біздің мемлекеттеріміздің басшылары екі ел арасындағы өзара іс-қимыл мен достықтың жаңа «алтын 30 жылдығы» басталғанын жариялады және екіжақты ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі жоспарды қабылдады. Таяу жылдары Қазақстан мен Қытай сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту, бизнес үшін, оның ішінде кедендік ресімдеу және өнім сапасының стандарттарын өзара тану саласындағы жағдайларды жақсарту жөніндегі жұмыстарды жалғастырады.

Өз кезегінде Ма Синжуй бірлескен іс-қимыл жоспарының табысты іске асырылатынына сенім білдірді. Жаңа отыз жыл, ШҰАА партком хатшысының пікірінше, транзиттік-логистикалық инфрақұрылымды, сауда мен туризмді қоса алғанда, барлық бағыттар бойынша Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарының одан әрі дамуына серпін бермек.

Кездесуде Арман Шаққалиев экспортты ілгерілетудегі жаңа тәсілдер туралы айтты. Бүгінде Қытаймен сыртқы саудада аймақтандыру қағидаты ерекше маңызға ие.

«Әр провинциядан жеке жұмыс жүргізілуде, сауданы ұлғайту және басым бағыттар бойынша жобаларға инвестициялар тарту бойынша бірлескен іс-қимыл жоспары әзірленуде. Қазақстандық бизнес Қытай нарығына өнім жеткізуге қызығушылық танытуда. Біз отандық тауарлардың ҚХР-ға кіру мәселелерін шешуде ШҰАА басшылығының қолдауын жоғары бағалаймыз», — деп атап өтті Қазақстанның сауда және интеграция министрі.

Арман Шаққалиевтің айтуынша, отандық өндірушілер алдағы екі жылда 250 мың тоннадан астам өсімдік майы мен басқа да өнімдерді экспортқа жіберуге дайын.

Кездесуде тараптар жыл сайынғы Қытай-Еуразия ЭКСПО көрмесін өткізуге дайындық және Үрімші қаласында қазақстандық сауда өкілдігін ашу мәселелерін қозғады.

«Екі ел арасындағы сауда көлемін кеңейту барысында, атап айтқанда ШҰАА-мен сауданы ұлғайту үшін Мемлекет басшысы Үрімшіде сауда өкілдігін ашуды тапсырды. Министрлікке ведомстволық бағынысты QazTrade ұйымы осы өкілдіктің қызметімен айналысатын болады. Болашақта ол біздің өндірушілер мен өнімді сатып алуға мүдделі ШҰАА компаниялары арасындағы жолсерікке айналады», — деді Қазақстанның сауда және интеграция министрі.

Ол сондай-ақ QazTrade экспорттық операторы Қытай нарығындағы қазақстандық өнімнің әлеуетті импорттаушыларын іздеумен айналысатынын, ҚХР іскер топтарымен Қазақстанмен экспорттық-импорттық қатынастар мәселелері бойынша келіссөздер жүргізетінін, сондай-ақ бизнес өкілдері үшін бизнес-миссиялар өткізетінін, халықаралық көрмелер мен басқа да іс-шараларға қатысуды қамтамасыз ететінін түсіндірді. Сауда өкілдігін құру экспорттық-импорттық операцияларды жеделдетеді және екі елдің кәсіпкерлері арасында үздіксіз ынтымақтастықты жолға қоюға мүмкіндік береді.

Қазақстанның Үрімжідегі сауда өкілдігінің ашылу рәсімін Арман Шаққалиев Астанада өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шілде айындағы отырысы аясында өткізуді ұсынды.
Қазақстандық бизнес жыл сайын Қытай-Еуразия көрмесіне қатысады. Өткен жылы Қазақстан Стенді ЭКСПО-ға өз тауарларын ұсынған 40 елдің ішіндегі үздіктердің бірі болды. Көрме қорытындысы бойынша отандық компаниялар 100 млн доллардан астам сомаға экспорттық келісімшарттар жасасты. Арман Шаққалиев биыл 26-30 маусымда өтетін Үрімжідегі халықаралық ЭКСПО-ға қазақстандық кәсіпкерлердің қатысатынын растады.

қатар, тараптар бірлескен инвестициялық жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, қазақстандық бизнес Қытайдың мал бордақылау алаңдарын салуға, ет өңдеу жобаларын құруға, дәнді дақылдарды өңдеуге, сондай-ақ инфрақұрылым салуға инвестиция салуына қызығушылық танытып отыр.

Кездесу соңында Ма Синжуй мырза қазақстандық тарапты ағымдағы жылдың маусым айында Үрімші қаласында Қытай-Еуразия көрмесі аясында өтетін Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының III шекара маңы ынтымақтастығы форумына қатысуға шақырды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

Айғақ медиа
10.11.2025
0

Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім...

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.