Сағат 22:23-тегі жағдай бойынша, Алматыда әлеуметтік нысандар мен көпқабатты үйлердің зақымдануы туралы 156 арыз түсті.
Сондай-ақ, сенім телефонына барлығы 239 ақпараттық қоңырау түскені хабарланды.
«Халықты қабылдау пункттерінде 102 адам болса, оның 43-і балалар. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандары, сондай-ақ әуежай, вокзал және метро штаттық режимде жұмыс істейді», — деп хабарлады ведомство.