Бүгін Мәжіліс кейбір заңнамалық актілерді Конституцияға сәйкес келтіру мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасының нормалары мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы қамтиды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- бір жыл – Қазақстан заңдарында белгіленген шектеулерді немесе қызметтік әдепті сақтамағаны үшін жұмыстан шығарылған адамдарға;
- екі жыл — тәртіптік теріс қылықтары үшін жұмыстан шығарылған адамдарға;
- үш жыл – әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға;
- бес жыл — ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстар жасаған адамдарға.
Сыбайлас жемқорлық, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға, сондай-ақ қылмыстық топтың құрамында қылмыс жасаған адамдарға шексіз шектеу сақталады.
Бұл ретте Конституциялық сот кәсіби жарамсыздығына байланысты атқаратын лауазымына сәйкес келмеуі сияқты теріс себептер бойынша өкілеттігін тоқтатқан судья өзге салаларда, оның ішінде мемлекеттік қызметте еңбек бостандығына конституциялық құқығын қолдана алады деп есептейді.
Осыған орай, заң жобасында көрсетілген негіздер бойынша өкілетін тоқтатқан судьяларға өкілеті тоқтатылғаннан кейін бірден мемлекеттік қызметке уақыт шектеусіз кіру мүмкіндігі қарастырылған.
Кaz.tengrinews.kz