ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІНІҢ ҚУАТЫ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА КӨШБАСШЫЛАР ҚАТАРЫНДА

Түркістан облысының жаңартылатын энергия көздерін дамыту әлеуеті жоғары. Бұл туралы ҚР энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов тұрғындармен кездесу барысында хабарлады.

Сондай-ақ 2025 жылға дейін қуаттылығы 48 МВт болатын 7 нысанның құрылысы жоспарлануда.

Вице-министр өңірді газдандыру мәселесіне де тоқталды. Бүгінгі таңда тұрғындардың 77%-ы немесе шамамен 1,6 млн адам газға қол жеткізе алады. Биыл 14 жобаны іске асыру жоспарлануда, бұл 15 елді мекенді немесе 26 мыңға жуық адамды көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Облыста энергияның негізгі көздері Кентау ЖЭО және Шардара СЭС болып табылады. Шардара СЭС белгіленген электр қуаты 126 МВт, Кентау ЖЭО 12,5 МВт құрайды. Бұл ретте Шардара СЭС негізгі жабдықтарының физикалық тозуы 5%, ал Кентау ЖЭО-да бұл көрсеткіш 84,5% құрайды.

Өз активтерінде 23,7 мың км кабельдік және әуе электр беру желілері бар «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС облыстағы өңірлік электр желілік компания болып табылады. Сонымен қатар кәсіпорынның балансында 6 мыңнан астам қосалқы станция бар, электр желісінің физикалық тозуы 57,3% құрайды.

Сонымен қатар Түркістан қаласы 110 кВ желісі бар «Оңтүстік» 110/35/10 кВ ҚС салу және «Алатау» ш/а 110 кВ ӘЖ бар 110/10 кВ ҚС салу жобаларын іске асыру кезінде Ленгер қаласы, Төлеби ауданы, Түркістан облысының 80 мыңға жуық тұрғыны үздіксіз электрмен қамтамасыз етіледі.

 

Ұқсас жазбалар

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ШЫМКЕНТТЕН АЛҒАШҚЫ САРБАЗДАР ОТАН ҚОРҒАУҒА АТТАНДЫ

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарындағы бөлімдерге алғашқы шақырылушыларды аттандыруға арналған салтанатты рәсім өтті. Еліміздің болашағын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ШЫМКЕНТ ГАРНИЗОНЫНДА ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТЕКСЕРДІ

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Шымкент гарнизонына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар әскери бөлімдер мен мекемелердің қызметін, инфрақұрылымын...