ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫН ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ ҚАЖЕТ ПЕ?

Қымбат үй жануарларын декларациялау жануар иесінің қалауы бойынша ұсынылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары Қайрат Миятов мәлімдеді, деп хабарлайды аталмыш ведомствоның баспасөз қызметі.

Иесінің қалауы бойынша, егер шын мәнінде, асыл тұқымды жылқының құны 1000 АЕК-тен асатын болса, оны декларациялауға болады. Өйткені, иесі асыл тұқымды жануарлармен кәсіби тұрғыда айналысып, оны сатса, сол ақшадан тағы жануарларды сатып алса, оған бұл сома өз шығындарын растау үшін қажет болады. Мұның бәрі әр иесінің қалауы бойынша жасалады», – деді Қайрат Миятов.

Декларацияны 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін тұрғылықты жері бойынша тапсыру қажет. Азаматтар мұны үйден шықпай-ақ, банктік қосымшаларды пайдалана отырып және «Салық төлеуші кабинеті» МКК web-порталы (cabinet.salyk.kz), «электрондық үкімет» порталы (egov.kz), moldir.qoldau.kz порталдары арқылы жасай алады.

Ұқсас жазбалар

ТАРАЗДА ЗАҢСЫЗ БЕЛГІ ҮШІН ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЖАППАЙ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

ТАРАЗДА ЗАҢСЫЗ БЕЛГІ ҮШІН ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЖАППАЙ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

Таразда жол ережесін бұзбаған бірнеше жүргізуші заңсыз айыппұл төлеп келген.Тексеріс Сүлейменов көшесінде орнатылған 40 км/сағ жылдамдық шектеу белгісінен басталды.Камералар жылдамдықты...

ҚАЗАҚСТАН КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ 4 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ 4 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында Әлем кубогының кезеңі басталды. Халықаралық турнирдің алғашқы күні Қазақстан құрамасы төрт алтын медаль...