Бүгін Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының бұйрығымен Джалаиров Мейіржан Серикбаевич басқарма басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Джалаиров Мейіржан Серикбаевич 1983 жылы 15 шілдеде Шымкент қаласында дүниеге келген.
2005 жылы — М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін;
2012 жыл — М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын бітірген.
Еңбек жолын «Арнес Центр» ЖШС экономист, «Корпорация Сайрам строй» ЖШС бас бухгалтері;
-Төлеби аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы;
-Сайрам аудандық білім беру бөлімінің бас маман-бас есепшісі; -ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы автомобиль жолдарының құрылысы және жөндеу, пайдалану бөлімінің бас маманы;
-ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жобаларды мониториглеу ижәне анализ бөлімі басшысы;
-ОҚО тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасы, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімі басшысы; -ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің тергеу және құқықтық қамтамсыз ету бөлімі басшысы м.у.а;
-Түлкібас аудандық тұрғын үй-коммуналдық коммуналдық шаруашылық және жол салаларының сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.