• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Мамыр 23, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ҚАНДАС МӘРТЕБЕСІН АЛУ ЕРЕЖЕСІ ӨЗГЕРДІ

10.01.2024
0

Еңбек министрлігі Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту ережесіне өзгеріс енгізді.

Өзгеріске сәйкес, қандас мәртебесін беру туралы өтінішті өтініш беруші «Құтты мекен» АЖ мобильді қосымшасы немесе ҚР шетелдердегі мекемесі арқылы «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттармен қоса беруіне болады.

«Қандас» ААЖ-ға өтініш берушінің өтініші тіркелгені туралы хабарланып, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың (ЖАО) қарауына жіберіледі.

ҚР шетелдердегі мекемелері арқылы берілген өтінішті шетелдердегі мекеменің қызметкері «Қандас» ААЖ-да тіркейді және ЖАО-ға жолдайды, бұл туралы өтініш берушіге хабарланады.

ЖАО өтініш келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығы мен дұрыстығын тексереді.

Толық емес пакетті және қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде ЖАО өтінішті қабылдаудан бас тартады. Жергілікті атқарушы орган басшысының өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы ақпараты өтініш берушіге жіберіледі.

Ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелері өтініш берушілердің құжаттар топтамасын алған күннен кейін 20 жұмыс күні ішінде ЖАО-ға оның ҚР аумағында құқық бұзушылықтар жасағаны туралы айыптаушы мәліметтерді және оның террористік немесе экстремистік ұйымдарға қатысы туралы ақпаратты жібереді.

ЖАО ішкі істер органдары мен ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелерінен ақпарат келіп түскен күннен кейін 3 жұмыс күні ішінде комиссия қарайды (Бұрын бұл процедура 1 жұмыс күнін алды).

Комиссия өтініш келіп түскен күннен кейін 10 жұмыс күні ішінде оны қарап, мынадай шарттарды ескере отырып қандас мәртебесін беруден бас тарту не беру туралы шешім шығарады:

  • ҚР Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалған өңірлерге қоныстандыру үшін;
  • агломерация аумақтарында және демографиялық дамуға қажеттілігі бар, даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендерде, шағын және моноқалаларда, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларда қоныстандыру үшін;
  • өтініш берушінің отбасымен немесе жақын туыстарымен қайта қауышу үшін, егер өтініш беруші тұрғын үйдің меншік иесі болмаса, туыстығын растай отырып және тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешу мүмкіндігімен ҚР азаматтары болатын өтініш берушінің аумағында тұрақты тұратын және өтініш берушінің тұруына нотариалды куәландырылған келісім беру үшін;
  • алдын ала еңбек шартын ұсынып, тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешу мүмкіндігімен жұмыс берушілердің шақыруы бойынша бос жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін немесе этникалық қазақтар арасынан шыққан жеке кәсіпкерлер үшін;
  • ҚР жоғары оқу орындарында оқитыны туралы анықтамасы бар этникалық қазақтар үшін.

Қандас мәртебесін беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді комиссия қабылдайды және хаттамамен рәсімдейді.

Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған тәртіппен алу мақсатында қандас мәртебесін ұзарту үшін Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алған өтініш берушілер ЖАО-ға немесе Мемлекеттік корпорацияға бұрын берілген қандас мәртебесін ұзарту туралы өтініш береді.

Мемлекеттік қызмет көрсету рәсіміне қатысты нақтылау енгізілді.

Қандас мәртебесін беруге өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО ҚР шетелдердегі мекемелері (ҚР шегінен тыс тұратын этникалық қазақтар үшін), сондай-ақ «Электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz. жүзеге асырады.

Қандас мәртебесін ұзартуға өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.

Қандас мәртебесін беру жөніндегі мемлекеттік қызмет 35 жұмыс күні ішінде, ал қандас мәртебесін ұзарту бойынша 5 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

Бұйрық 2024 жылғы 19 қаңтарда қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 19 476 этникалық қазақ тарихи Отанына оралып, қандас мәртебесін алған. 1991 жылдан бастап республикаға 1 млн 126,5 мың этникалық қазақ оралды.

Kazinform. 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
23.05.2025
0

Түркістан қаласының нышанын (герб) әзірлеуге конкурс жарияланған болатын. Өтінім қабылдауға санаулы күн қалды, 3-маусымға дейін. Үздіктері қаржылай марапатталатын болады. Атсалысуға...

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.