• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қыркүйек 14, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ТАНЫМАЛ ТЕГІН КУРСТАРҒА ҚАТЫСА АЛДЫҢЫЗ БА?

08.01.2024
0

2023 жылы 145,5 мың азамат, оның ішінде 42 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek (бұдан әрі – Skills Enbek) кәсіптік оқыту платформасында курстардан өткені туралы сертификат алды. Skills Enbek-те барлығы 355 мың қазақстандық тіркелсе, оның 166,5 мыңы – 2023 жылы тіркелді.

Оқудан өткен 42 мың жұмыссыз азаматтың 14,4 мыңға жуығы – негізінен Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының жастары.

Skills Enbek іске қосылған сәттен бастап авторлар әртүрлі бағыттар бойынша 294 курс жариялады, оның 234-і тегін. Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.

Ең танымал курстар – «Птицеводство. Выращивание бройлеров», «Выращивание лимона в теплицах», «Жылыжайда көкөніс өсіру технологиясы», «Кассир», «Профессиональный курс индивидуального помощника для сопровождения лиц с трудностями в передвижении».

Қосымша мүмкіндіктер беру және қолжетімді курстар базасын кеңейту мақсатында Skills Enbek-те 2023 жылы: Fluent Education халықаралық білім беру платформасымен, Назарбаев Университетінің әлеуметтік даму қорымен, Яндекс Қазақстан, Қазақстан аударма академиясымен, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ-мен, «TestIT» IT мектебімен және т. б. ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарға қол қойылды.

ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру шеңберінде Skills Enbek-те мүгедектігі бар, жүріп-тұруы қиын адамдарды, сондай-ақ нашар көретін азаматтарды сүйемелдеуді жүзеге асыратын жеке көмекшілер үшін курстар қолжетімді екенін атап өткен жөн. Мемлекеттік және орыс тілдерінде оқудан өту толығымен тегін. Курстың ұзақтығы – 32 сағат. Курстан өту үшін 5,4 мың адам тіркелді, оның ішінде 4,3 мың адам оқуды сәтті аяқтап, сертификат алды.

Skills Enbek-тегі «Бастау Бизнес» жобасы аясында өз ісін ашуға шешім қабылдаған азаматтарға кәсіпкерлік негіздеріне оқыту мүмкіндігі беріледі. 2023 жылы 100,2 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттарын алды, оның ішінде 48,5 мыңы (48,4%) жастар.

Сондай-ақ, Skills Enbek-те «Күміс жас» жобасы аясында 50 жастан асқан азаматтар жұмысқа орналасу үшін жаңа дағдыларды тегін оқи алады. «Күміс жас» бөлімінде 130-дан астам курстар қолжетімді болады, атап айтқанда: ауыл шаруашылығы, қаржы, білім беру, әлеуметтік қызмет көрсету, маркетинг және туризм, ақпараттық технологиялар, энергетика бағыты.
2023 жылы платформада жобаның 5,4 мыңнан астам қатысушысы тіркелді, оның ішінде 3,9 мың адам оқудан өтіп, сертификат алды.

Бұдан басқа, өткен жылы порталда жеке қызметтер мен сервис, өндіріс, құрылыс және ТКШ, тұру және тамақтану салаларындағы курстардың тізбесі, сондай-ақ «икемді» дағдыларды немесе smart skills  дамыту (Agile қағидаттары бойынша жобаларды басқару, тайм-менеджмент, командада жұмысты ұйымдастыру және т. б.) бойынша курстар кеңейтілді. Әзірленген курстар азаматтарға тегін оқу үшін беріледі және мансапты дамыту, сондай-ақ еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында өз дағдыларын жетілдіруге ұмтылатын жаңадан бастаушылар үшін де, тәжірибелі мамандар үшін де пайдалы болуы мүмкін.

Жалпы, онлайн-оқытуды дамыту азаматтар арасында адами капитал сапасы мен цифрлық сауаттылық деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Аталмыш ведомство өкілдері Skills.enbek.kz-те тіркелу және платформада жұмыс істеуге қатысты барлық сұрақ бойынша «ЕРДО» АҚ жауапты қызметкерлерімен байланысуды сұрайды: 8 (7172) 95 43 17 (ішкі. 877, 878, 888).

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

Айғақ медиа
11.09.2025
0

Бесінші қыркүйек түні патрульдеу кезінде шымкенттік полиция инспекторлары Ерсұлтан Өмірзақов пен Рахат Мырзабеков өздерінің қырағылығы мен батыл қимылының арқасында үлкен...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ШЫМКЕНТТЕН АЛҒАШҚЫ САРБАЗДАР ОТАН ҚОРҒАУҒА АТТАНДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарындағы бөлімдерге алғашқы шақырылушыларды аттандыруға арналған салтанатты рәсім өтті. Еліміздің болашағын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рахымов есімін иеленген әскери колледждің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі,...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ШЫМКЕНТ ГАРНИЗОНЫНДА ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Шымкент гарнизонына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар әскери бөлімдер мен мекемелердің қызметін, инфрақұрылымын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ЕСІРТКІ ЖЕТКІЗУ АРНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері ірі көлемдегі синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. Қоғамда «Заң мен тәртіп»...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

КЕЗЕКТІ  «ЖАС САҚШЫ» СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мектепте жаңа «Жас сақшы» кадет сыныбының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа сыныпқа қызмет бабында ерлікпен қаза...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.