«Әскерге бару – азаматтық парызымыз! Шымкентте күзгі маусымның кезекті 25 жас жауынгері әскер қатарына алынды. Олар «Ұлттық ұлан» әскери бөлімінде өз борыштарын өтейтін болады. Осыған орай әскерге шақырылушыларды мерзімді әскери қызметке салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Бағыт- Алматы облысы. Қазақстан Республикасын қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы әрі міндеті. Әскери қызмет ел шекарасын берік күзетіп, тыныштықты сақтау. Осы орайда шымкенттіктер әскерге шақырылған азаматтарды салтанатты түрде шығарып салды. Мерзімді әскерге шақырту алған сарбаздардың барлығы психологиялық, кәсіби және медициналық тексерістен өткен. Сарбаздарды бір жылдық сапарға шығарып салуға жиналған туған-туыстары ел ертеңі болар ерлерге ақ баталарын берді. Қазіргі таңда Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған сарбаздар үшін көптеген мүмкіндіктер бар. Мәселен, жоғары оқу орындарында тегін білім алу, несиелері барлардың берешекті өтеу уақытын тоқтата тұрсу сынды жағдайлар қарастырылған.
ЖЕРЛЕСІМІЗ “Mrs Gold International — 2023” АТАҒЫНА ИЕ БОЛДЫ
Жерлесіміз Баян Сәбитқызы халықаралық “Mrs Gold International - 2023” байқауында топ жарды. Яғни, ағымдағы жылдың 25 қарашасы күні Тайландта өткен...