Шымкент қ. ТЖ департаментінің «101» диспетчерлік қызметіне 2023 жылғы 10 қазанда сағат 16:02-де Абай ауданы, Төлеметов көшесінде көпқабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
Өрт орнына тез арада 7 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан 37 адам жіберілді. Оқиға орнында тұрғын үйдің бір пәтерінде балконда үй заттары жанып, өрттің салдарынан үй қара түтінге толғаны анықталды.
Өрт сөндірушілер өрттің одан әрі таралуына жол бермей, сағат 16.20-да өртті оқшаулап, 16.24-те толығымен сөндірді.
Ең бастысы №5 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушілері Марат Әліпбаев және Арман Махмұт қою түтінге оранған пәтердің ішіннен 4 және 5 жасар екі бүлдіршінді тауып, қауіпсіз жерге тез арада алып шығып, жедел-жәрдем бригадасына тапсырды. Алдын ала болжам бойынша балалар отпен ойнап, өрттің шығуына себепші болған.
Шымкенттік өрт сөндірушілердің жедел ден қойып, кәсіби әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайға жол берілмеді.
Құрметті қала тұрғындары! Өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!
Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы