Ардагерлер кеңесінде не жаңалық? Шымкент қаласы миллион қала атанғалы мектептер мен балалар бақшалары да едәуір артты. Оның үстіне бірнеше мың ардагер тұрады. Қалалық ардагерлер кеңесі осыны ойластыра келе әр сала бойынша ардагерлер кеңесін құруды көздепті. Міне, сондай ұйымдастыру жұмыстарының бірі қалалық білім басқармасында өтті. Жиында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев сөйлеп, білім саласы ардагерлерін қамтитын ұйым құру керектігін айтты. Жиналғандар бір ауыздан қала әкімінің орынбасары ретінде білім саласына басшылық еткен, ұзақ жыл мектеп басқарған Жолдасбек Күздеубаевты бірауыздан қалалық білім саласы ардагерлер ұйымының төрағасы етіп сайлады. Жиынға қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева қатысты. Ол мектеп жандарынан » Әкелер мектебін» ұйымдастырудың маңызына тоқтап, жаңа сайланған төрағаға сәттілік тіледі.
ЖЕР СІЛКІНІСІНІҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҰЛТТЫҚ ЖОБА
Елімізде жер сілкінісі жиі тіркелетін өңірлердің қатарында Шымкент алғашқы үштікте. Миллионнан астам тұрғыны бар қала үшін бұл — үлкен қауіп....