Әйгілі тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидің есімін иеленген мектеп ұстаздар күні қарсаңында ардагер ұстаздарына құрмет көрсетті. Саналы ғұмырын ұстаздыққа арнап, оқушының бойына тәрбие, білімді сіңіре білген мұғалімдердің мерейі қашанда биік. Білім бәсекесіне ілесе білген ел ғана озық болуға ұмтыла алады. Сондықтан ұстаздарға артылар жүк ауыр.
Бүгінде осы саланы абыроймен алып жүрген мұғалімдерге дұрыс жол көрсеткен кешегі ұстаз, бүгінгі зейнеттегі мұғалімдердің еңбегін мектеп мақтан тұтады. Осы еңбекті елеп, құрмет көрсеткенге ардагер ұстаздар да алғыс білдірді. Кездесу барысында 1 қазан күні өткен атаулы күнмен де арнайы құттықтап өтті. Үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназия мектебі — қаладағы ең көне, ең үздік мектептердің бірі. Ұстаз жүгі – ауыр жүк екенін тілге тиек еткен мектеп басшысы зейнеттегі ұстаздарға ыстық ықыласын білдіріп, мерекелерімен құттықтап, дендеріне саулық тіледі.