Абай ауданының халқымен кездесуде Ғабит Әбдімажитұлы кейбір мәселелерді барып көремін деген болатын. Осыған орай ауданға қарасты Бозарық шағынауданындағы жаңа нысандардың құрылыс қарқыны бойынша көшпелі жиын өткізді.
Абай ауданындағы 74 гектар аумақта құрылыс жүргізіліп жатыр. Мұнда қалалық егжей-тегжей жоспарлау бойынша жалпы 183 көпқабатты тұрғын үй салынуда. Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 2 000 орынға арналған мектептің құрылысы қолға алынған.Жиын барысында қала әкімі мердігер мекеме басшыларына құрылысты бекітілген мерзімде аяқтап, сапалы болуын қамтамасыз етуді тапсырды.