«Мен өз қызметімде объективті, конструктивті пікірлерге ашықпын»,- деген мегаполис мэрі Ғабит Сыздықбеков БАҚ өкілдерімен кездесті. Басқосуға телеарналар мен газеттердің бас редакторлары, журналистер және әлеуметтік желі белсенділері қатысты. Ақпарат құралдары ең көп шоғырланған Шымкентте қазірде 170-тен астам орталық жұмыс істеуде.
Елімізде қолға алынған реформаларды жалпыхалықтық қолдаусыз толықтай іске асыру мүмкін емес. Бұл ретте барша азаматтарымыздың күш-жігерін елдік мақсаттарға жұмылдыруда бұқаралық ақпарат құралдары маңызды рөл атқарады.
Журналистер шаһар басшысына сала мамандарының біліктілігін арттыруда, ашықтықты қалыптастыруда, ақпарат таратуда нақты ұсыныстарын айтты. Сонымен қатар, қала аумағындағы жол, қоғамдық көлік, инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Ал қала әкімі барлық салада ашықтықты қамтамасыз етіп, мегаполисті көркейтуде ақпарат саласының өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.