Жолдауды сөзбен емес, нақты іспен орындау керек. Шымкент қаласының ардагерлері кезекті мәжілісін Президент Жолдауына арнап, «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдарында» міндеттелген тапсырмалар аясында пікір алмасты. Ұйым мүшелері талқылауға түспейтін, орындалуы керек істерді жүзеге асыруда атқарушы билікке қолдау білдіріп, игі шараларды бірлесе орындамақ. Басқосуда сан салаға тың серпін берген Жолдаудың мәні мен мазмұны зерделеніп, болашаққа бағдар жасады. Ардагерлер ұйымының төрағасы Кенжехан Төлебаев экономиканы ілгерілету – ең маңыздысы дейді.
Өйткені, елдегі өнімнің басым бөлігі шикізат ретінде шетке кетіп жатыр. Алқа мүшелері осы салаға серпін берер уақыт келгенін айтты. Кеңесте мұнан басқа мегаполистің денсаулық сақтау саласындағы жұмыстары қаралып, жауапты комиссияның есебі тыңдалды. Күн тәртібіндегі тақырыптар толық қамтылып, жиын соңында нақты шешімдер қабылданды.