Инфрақұрылым саласы күн тәртібінен түспеген мәселе. Осы орайда, Қаратау ауданында жүйелі жұмыстар іске асуда. Мысалы, ауыз суды кестелеп алатын Сайрам және Қызылсу елді мекендеріне ауыз су құбырын тарту жұмыстары атқарылуда. Құрылыс жұмыстарының аяқталуына орай, аудан аумағындағы барлық елді мекендер сапалы ауыз сумен 100% қамтылады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Бозарық саяжайының жаңақұрылыс аумағындағы 1200 абонентті электр жарығымен қамту жұмыстары атқарылатын болады. Одан бөлек, ОЖТ тарапынан инвест бағдарлама аясында Тассай, Таскен, Қайтпас және Сайрам елді мекендерінде электр желілері мен трансформаторлар алмастырылуда.