Шымкент қалалық соты «Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қозғайтын даулардың 1 қыркүйекте күшіне енетін “Азаматтық процестік кодексінің соттылығы бойынша өзгерістері” тақырыбында дөңгелек үстел мәжілісін өткізді. Жиын барысында дауларды медиация тәртібінде реттеудің ерекшеліктері, алдын-ала сот отырысын жүргізу, істі сот қарауына дайындау ерекшеліктері талқыланды. Сонымен қатар, кейбір азаматтық істерді соттылығы бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қарауына берілетіндігі туралы маңызды мәселелер айтылды.Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, кодекстегі негізгі жаңашылдықтардың әділ сот талқылауын қамтамасыз етудегі тиімділігі жөнінде ұсыныстарын жеткізді.
EGOV MOBILE ЖАҢА НҰСҚАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛДЫ
Жаңарту өсіп келе жатқан сұранысқа жауап ретінде іске асырылды – бес жыл ішінде eGov Mobile қолданушыларының саны алты есеге...