Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті. Аталған акция аясында аз қамтылған отбасылардың мың баласына мектеп сөмкесі мен оқу құралдары тапсырылды. Діни басқарма қызметінің негізгі бағытының бірі — қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. Соған сәйкес Шымкент қаласындағы барлық мешіттер біріге отырып осылай, аз қамтамасыз етілген оқушыларға әрдайым қолдау көрсетіп келеді. Жас ұрпақ білімді болса, олар ертең ел мен жерге, асыл дініміз Исламға қызмет етеді. Солар атқаратын сауапты, игі істерге үлесіміз болсын деген ізгі ниетпен осындай шараны ұйымдастырдық, — дейді ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақдәулет Абрахманов.
ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР
Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...