Шымкент қаласында алғаш рет бастау алған Shymkent FEST жастар фестивалі өз мәресіне жетті. Қала жастарын спортқа баулу мақсатында ұйымдастырылған шара екі айға созылып, тұрғындар арасында түрлі байқауда өтті. Бесінші шілде күні басталған байқаудың қорытындысы жоғары.
12 тамыз күні халықаралық деңгейде жастар күні тойланады. Осыған орай үшінші мегаполисте Жастар фестивалінің жабылу салтанаты тұспа-тұс келіп, Абай саябағында марапаттау рәсімі өтті.
Шымкент фест жобасының мақсаты жаз мезгілінде қала тұрғындарының уақытын тиімді өткізу. Әрі қала жастарының арасында көше спортын дәріптеу, бұқаралық спортқа баулу.