2021 жылы 1 қаңтардан бастап елімізде 4 кезеңнен тұратын жалпыға бірдей декларациялау енгізілген болатын. Бүгінде декларациялаудың 1 — кезеңі аяқталды. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап екінші кезең бойынша тексеріс жүруде. Декларациялауға мемлекеттік мекемелердің барлық қызметкерлері мен олардың жұбайлары және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдері қатысады. Ал үшінші және төртінші кезең келер жылдың алғашқы күнінде басталмақ.