Тың мүмкіндікті жырақтағы қазақтар 2023 жылдың мамыр айынан бастап 3 жылға дейін пайдалана алады. Бұдан бөлек этникалық қазақтардың азаматтық алуы да жеңілдетілмек. Ол үшін Қазақстанға келмей тұрып, елшіліктерге сұраныс жіберу арқылы өз құжаттарын онлайн жолдайды. Барлығы дұрыс болса, көшіп келіп, бірден азаматтыққа өтініш беруіне болады. Жалпы жыл басынан бері елімізге келген 18 мыңға жуық адам қандас мәртебесін алған.
«Ата жолы» картасы – этникалық қазақтарға елімізде бизнес-кейстерін іске асыруға және елде тапшы мамандардың қызмет етуіне берілетін құжат. Карта иелеріне республика аумағында азаматтығын сақтай отырып, 10 жылғы дейін тұрақты тұруға рұқсат беріледі.