Биыл есірткіні заңсыз сақтаудың және тасымалдаудың 250 фактісі тіркелген. Оның ішінде сатудың — 54 фактісі, жарнамалаудың — 1 фактісі, есірткіні заңсыз өсірудің 25 фактісі тіркелген. Биыл есірткімен байланысты 259 іс бойынша 300 адамға қатысты іс сотқа жолданып, өткен жылға қарағанда 17%-ға асқан. Оның ішінде әйелдермен 22 қылмыстық құқық бұзушылық жасалған. Мемлекет басшысы өз Жолдауында есірткінің ұлт денсаулығына үлкен зиян әкелетінін және синтетикалық есірткіні өндіру мен таратуға қарсы күрес жалпыұлттық
деңгейде жүргізілуге тиіс екендігін айтқан. Жолдауда берілген тапсырмаларды орындау мақсатында қала прокуратурасы қылмыстық қудалау
органдарды жүйелі жұмыс атқарып келеді.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...










