Биыл есірткіні заңсыз сақтаудың және тасымалдаудың 250 фактісі тіркелген. Оның ішінде сатудың — 54 фактісі, жарнамалаудың — 1 фактісі, есірткіні заңсыз өсірудің 25 фактісі тіркелген. Биыл есірткімен байланысты 259 іс бойынша 300 адамға қатысты іс сотқа жолданып, өткен жылға қарағанда 17%-ға асқан. Оның ішінде әйелдермен 22 қылмыстық құқық бұзушылық жасалған. Мемлекет басшысы өз Жолдауында есірткінің ұлт денсаулығына үлкен зиян әкелетінін және синтетикалық есірткіні өндіру мен таратуға қарсы күрес жалпыұлттық
деңгейде жүргізілуге тиіс екендігін айтқан. Жолдауда берілген тапсырмаларды орындау мақсатында қала прокуратурасы қылмыстық қудалау
органдарды жүйелі жұмыс атқарып келеді.
ҚР ЭТРМ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Ерболат Селбайұлы Қожықов ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің...