Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖӘНЕ ЕГІН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫНА 700 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ
    Айғақ TV

    КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖӘНЕ ЕГІН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫНА 700 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа24.02.2026Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстанда 2026 жылға арналған егіс алқаптарының болжамды құрылымы бекітілді. Егіс құрылымы бидай алқаптарын қысқарту және жоғары рентабельді дақылдардың үлесін ұлғайту бойынша әртараптандыру жұмыстарын жалғастыруға бағытталған. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы, жеңілдетілген несиелеу тетіктері және диқандарды ресурстармен қамтамасыз ету туралы баяндады, -деп көрсетілген Үкіметтің ресми сайтында.

    Қайта өңдеу кәсіпорындарының шикізат базасын қамтамасыз ету және баға ауытқуларының тәуекелдерін төмендету үшін осы жылы жалпы егіс алаңы шамамен 23,8 млн гектарды құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 180 мың гектарға көп. Жоғары рентабельді дақылдарға басымдық беріледі. 2026 жылға арналған егіс құрылымы мынадай өзгерістерді көздейді:

    • Азықтық дақылдар: 242 мың гектарға көбейеді;
    • Арпа: 94 мың гектарға;
    • Жүгері: 90 мың гектарға (265 мың гектарға дейін жеткізу);
    • Майлы дақылдар: 55 мың гектарға;
    • Картоп: 10,3 мың гектарға;
    • Бидай: 125 мың гектарға қысқарады (12,1 млн га құрайды).

    Биыл көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына жеңілдетілген кредит беруге 700 млрд теңге бағыттау жоспарлануда. Егер 2025 жылғы егіс науқанына ерте қаржыландыру 2024 жылдың қараша айының соңында басталған болса, 2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарына өтінімдерді қабылдау өткен жылдың қазан айында басталды. Осының нәтижесінде, бүгінгі күні шамамен 1 900 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші 200 млрд теңге сомасына қаржыландырылды, бұл жалпы қаржыландыру көлемінің шамамен 30%-ын құрайды және өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6%-ға артық, — деді Айдарбек Сапаров.

    Бұдан бөлек, Министрдің мәліметінше, егіс науқанын сапалы әрі уақтылы жүргізу үшін 402 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінген, ал ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту деңгейін 8%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.