ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ
Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...
Заңсыз құрылыспен күрес! Абай ауданына қарасты Достық елдімекенінде орналасқан 50 заңсыз үй құрылысы бұзылды. Арнайы құрылған комиссия шешімімен сүрілуі тиіс болған үйлерге 2021 жылдан ескерту беріліп келе жатыр. Бірақ, заңсыз жер иеленушілер ескертуге құлақ аспай құрылыс жұмыстарын жүргізген. Жалпы бүгінгі күнге дейін 5 рет жасалған рейд барысында заңсыз деп танылған 150 үй құрылысы қала әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасымен сүрілген.
Мемлекет меншігіндегі жерді заңсыз иеленушілердің ешқандай құжаты жоқ. Яғни әкімдіктің рұқсатынсыз бос жатқан жерлерді өз атына рәсімдеп алған. Көбісі белгі ретінде шағын үйлер тұрғызып, қоршау орнатып қойған. Абай ауданы бойынша мұндай үйлердің жалпы саны — 1470. Бүгінгі күнге дейін Ынтымақ және Достық елдімекендеріндегі 150 осындай үй сүрілді. Нақтырақ тоқталсақ Достықта заңсыз салынған 293 үй бар, оның 11-інде тұрғындар өмір сүріп жатыр, ал қалған 282 үй тұруға жарамсыз. Дәл солай Ынтымақ елдімекенінде де 452 үй заңсыз орналасқан. Оның 368 тұруға жарамды болса, 84-і бос тұрған нысан. Бұл тізімге ілінген жер иелеріне 2021 жылдан бері ескерту беріліп келеді. Әкімдік тарапынан бірнеше рет ескерту жасалғанына қарамастан тұрғындар құрылыс жұмыстарын жалғастыра берген. Енді міне заңды елемегендердің бос тұрған үйлері арнайы техникалармен сүрілді. Ал, үй ішінде өмір сүріп жатқан тұрғындарға кезекті ескерту берілді. Және үйді босатып, құрылыс материалдарын алып кетуге бір ай мерзім берілді.
Айта кетейік, 1470 жалған құжат иелері тарапынан осындай заңсыздыққа алдандық деген арыз тек Ынтымақ елдімекеніндегі 13 тұрғыннан ғана келіп түскен. Ол бойынша бір азамат күдікті деп танылып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүруде. Ал,бүгінде бұзу жұмыстары жүріп жатқан Достықтан құзырлы органдарға ешқандай шағым түспеген екен. Бірақ әлі де, заңсыз жер иелері өздерінің алданғандарын растап прокуратураға арыздана алады. Сонымен қатар, әкімдік қызметкерлері халыққа жер сатып аларда құжаттың заңды екеніне басты назар аударса дейді.Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...
Түркістан облысында төрт жастағы Әли Адамбек мектеп табалдырығын аттап, бастауыш сынып бағдарламасын меңгеріп үлгерген. Құрдастары әріп танып жүргенде, ол күрделі...
Таразда жол ережесін бұзбаған бірнеше жүргізуші заңсыз айыппұл төлеп келген.Тексеріс Сүлейменов көшесінде орнатылған 40 км/сағ жылдамдық шектеу белгісінен басталды.Камералар жылдамдықты...
“10 сиыр мен бір жылқы бар”: Семейде әкімдік тұрғындар ауылға көшу үшін 1,5 миллион теңге ұсынуда.Семейде “Қаладан – ауылға” атты...
Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында Әлем кубогының кезеңі басталды. Халықаралық турнирдің алғашқы күні Қазақстан құрамасы төрт алтын медаль...
Енді қазақстандықтар қалаған күні көлігімен көшеге шыға алмайды. Мемлекеттік нөмірдің соңғы цифры 9 болса сіз 2-сі, 4-і, 16-сы сияқты даталарда...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.