Балаларына дұрыс тәрбие бермеген 6 ата-анаға айыппұл салынды. Мегаполистің ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықпен күрес бойынша жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізген болатын. 3 күндік рейд жұмысының қорытындысы бойынша беймезгіл уақытта тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген кәмелетке толмаған 178 баланы анықтады. Баласының түнде ойын-сауық орнында болғаны үшін бір ата-анаға әкімшілік айыппұл салынса, құқық бұзушылыққа жол берген мекеме иесіне 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Алты ата-ананың бала тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамауы шымкенттік жастардың қасақана құқық бұзушылыққка баруына себеп болды. Жас жеткіншектердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық шарасы полиция қызметкерлерімен тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады. 
ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ
Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...










