Үшінші мегополисте «Shymkent fest» атауымен фестивальдің ашылу салтанаты өтті. Яғни, қала жастары жаз мезгілінде уақыттарын спортқа арнап, тиімді әрі қызықты сәттерін бірге өткізбекші. Аталмыш жоба Шымкент қаласы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асуда.
2 айға созылатын фестиваль аптаның соңғы күндері түрлі бағытта өтеді. Үстел теннисі, экстремалды спорт түрінен арнайы шоу, суретші жастар мен жасөспірімдер арасында заманауи сурет салу, ашық аспан астында кинокөрсетілім, көркемсөз оқу шеберлерінің поезия кеші секілді түрлі шаралар өтетін болады.

Ал, 25 тамыз күні «Арбат» демалыс аймағында балмұздақ фест, арнайы гала концерт, барлық жоба қатысушылары арасында көрсетілімдер, ұлттық қолөнер көрмесі мен аукцион ұйымдастырылып, «Shymkent fest» жобасының салтанатты жабылуы өтеді.