Мегаполистегі бұрынғы бөбекжайлар жаңа келбетке өзгереді. Бүгінде қалада 588 мектепке дейінгі мекеме бар. Оның 517-сі жекеменшік болса, 71-і мемлекеттік балабақшалар. Дегенмен, қаладағы ескі балабақшалар бұл күнде күрделі жөндеуді қажет етеді, Соның бірі құрылғанына 55 жыл болған №3 бөбекжай-бақшасы қазір күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Елдің ертеңін тәрбиелейтін алғашқы құрылысымен қала танысты.
Мұрат Дүйсенбекұлы нысан басында құрылыс жұмыстарын балалар қауіпсіздігі үшін ережеге сай етіп жүргізуді ескертті. 2023 жылдың наурыз айында басталған жөндеу жұмыстары бұл күнде қарқын алған. Қос қабатты ғимараттың бала саны бойынша сыйымдылығы 163 орынды қамтиды. Мұнда бүгінде 130 бала тәрбиеленуде. Бөбекжай жұмыстарын қыркүйек айының соңына дейін бітіру межеленген.