• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Шілде 10, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

«ҚАЛА КҮН» МЕРЕКЕСІНДЕ ЖАҢА НЫСАНДАР АШЫЛДЫ

21.06.2023
0

   Шымкентте Қала күні мерекесі қарсаңында жаңа нысандар пайдалануға берілді. Оның ішінде 5-еуі жастарға арналған әлеуметтік ғимараттар. Ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов шымкенттіктерді қала күнімен құттықтап, мегаполистің күн сайын дамып келе жатқанын алға тартты.
Шымкент қаласының мегаполис статусын алғанына биыл 5 жыл толды. 2200 жылдық тарихы бар көне қала осы күнге дейін сындарлы шақтардан өтіп, бүгінде еліміздегі шоқтығы биік бірден бір қалаға айналып отыр. Құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатқан өңірде бүгін 6 нысан халық игілігіне беріліп отыр. Мәселен жастардың сұранысына орай Абай саябағы аумағынан скейт парк ашылды. Экстремалды спорт түрлерімен шұғылдануға арналған қоғамдық кеңістік қалада әзірге осы бір жерде ғана бар. Алдағы уақытта жаңадан салынатын барлық саябақтардың құрылыс жоспарына енгізілмек. Занауи талапқа сай жабдықталған скейт парк мегаполис жастарының уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін орталыққа айналмақ.
Жастар үшін тағы бір жағымды жаңалық. Қала күні мерекесі қарсаңында №2 балалар саз мектебінің құрылысы аяқталып қолданысқа берілді. Бұған дейін 1958 жылы ашылған ғимаратта білім алған оқушылар бүгін заманауи өнер ордасына көшірілді. Қайта жаңарған мектепте 1164 оқушы 13 бағыт бойынша үйірмелерге қатысады. Балаларға білікті, академиялық-консерваториялық білімі бар 112 ұстаз сабақ береді. Ал мұндағы астпаптар арнайы Германия зауытынан тапсырыспен алынған.

«Қала күні» мерекесіне орай тағы бір әлеуметтік нысан пайдалануға берілді.  С.Королева атындағы №45 мектеп-гимназияның қосымша 300 орындық корпусының ашылу салтанаты өтті. Үш қабатты қосымша ғимараттың құрылысы былтыр басталған. Спорт залы, жаттықтырушы бөлмесі, психолог пен логопед кабинетімен қамтылған нысан заманауи құралдармен жабдықталған.  Қала күнімен тұспа-тұс келген ашылу рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысты. Айта кетейік, жазғы демалыс кезінде мұндағы мектеп жанынан балалар лагері ұйымдастырылған. Мектептен тыс уақытын тиімді пайдалану үшін лагерьге келген оқушылар бұл күні өз өнерлерін көрсетті, қылқалам туындыларын ұсынып, ән мен күйден әсерлі, әдемі көңіл-күй сыйлады.

Сонымен қатар, Бозарық шағын ауданындағыжаңа спорт мектебі пайдалануға берілді. №20 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ашылуына қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов бұқаралық спортты дамытуға мүмкінлік беретін заманауи талапқа сай жабдықталған ғимаратты аралап көрді. Спортты серік еткен елдімекен жастары енді қала орталығына қатынамай жақын аумақтағы жаңа үлгіде бой көтерген нысанда спортпен шұғылданатын болады. Спорт мектебі екі ауысымда 10-23 жас аралығындағы 1000 баланы қабылдай алады. Бүгінде мұндағы түрлі үйірмелерге 500 бала қатысуда. Қызығушылық танытқан жастар үшін мектеп есігі ашық, қабылдау тегін. Алдағы жылдары осы секілді спорт мектептерінің санын арттыру көзделуде.
Қала күні қарсаңында көптен күткен «Оқушылар сарайы» ғимараты да пайдануға беріліп отыр. Мегаполистің кескін-келбетін айшықтайтын 500 орындық сәулетті ғимарат балалар шығармашылығын дамытуға жол ашады. Цифрлық жүйе мен қолайлылықты ұштастыра соғылған мекемеде балалар үшін барлық жағдай жасалған. 7 бағыттағы 35 үйірме оқушылардың сабақтан тыс бос уақыттарын тиімді үйлестіре отырып, қосымша біліммен қамтуға бағытталған. Сапалы жабдықталған ғимаратта балаңыздың білім алғанын қаласаңыз «Миндаль» қосымшасы арқылы кезекке тұрып, құжат тапсыруыңыз қажет. 2026 жылға дейін қаламызда осындай тағы 3 оқушылар сарайын салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта Тұран ауданында бір өнер мектебінің құрылысы жүріп жатыр екен.
Барша шымкенттіктердің ортақ мерекесі — қала күні құтты болсын! Мегаполис жаңарып, жасарып, сәні мен салтанатына сай көркейе берсін.

АЙҒАҚ-АҚПАРТ

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.