Жаздың алғашқы күні — халықаралық баллаарды қорғау күні. Бұл мереке елдің ертеңі өскелең ұрпақтың қолында екенін тағы бір мәрте еске салады. Атаулы джата Шымкентте де салтанатты түрде аталып өтті. Жас жеткіншектерді қорғап, бастамаларын қолдау мақсатында ұйымдастырылған мереке Достық үйінде тойланды. Күмбірлеген күміс күймен басталған шарада оқушылар өз өнерін көрсетіп, мектеп жасындағы балалардың жобалары таныстырылды.
![]()









