Семинар төрт аяқты құтқарушылардың іздестіру-құтқару шеберлігін шыңдау және ТЖ қызметінің кинологиясында өз дағдыларын жаңадан бастаған иттерді оқыту үшін өткізілді, деп хабарлайды ҚР төтенше жағдайлар министрлігі. Семинар бір апта бойы Шығыс Қазақстанның таулы аумағында өтті. Дәл осындай жағдайларда «қылшықты құтқарушылар» жиі жұмыс істеуі керек. Сонымен қатар, кинологтар техногендік төтенше жағдайлар кезінде құтқару бөлімшелерінің әрекеттерін пысықтады. Иттер үйінді астынан зардап шеккендерді іздеуді үйренді.
Семинарға барлығы 8 кинолог, 13 ит, оның бесеуі «кәсіби құтқарушылар», қалғаны «жаңадан келген» еріктілер ұйымдарынан қатысты. Семинардың нұсқаушылары ШҚО ТЖД және Павлодар облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының тәжірибесі мол кинолог-мамандары болды. Кинологтардың айтуынша жаңадан бастаған «құтқарушылар» үшін ең қиын кезең таулы аймағы болды, бірақ, әдетте, уақыт өте келе иттер осындай семинарлардың арқасында үйретіледі, кейіннен құтқарушылар қатарына қосылады.
Негізінен лабрадорлар, неміс, швейцариялық және австралиялық овчаркалар болды. Лабрадорлар өздерін жақсы көрсетті, дәл осы ит тұқымдары зардап шеккендерді тез табуға, ерекше инстинктке, адамдарға деген сүйіспеншілікке және батылдыққа ие болды.










