2022 жылғы ақпаннан бастап Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның ден қою актілеріне барлық қарсылықтар (мемлекеттік аудит объектілерінің аудиторлық есептермен және камералдық бақылау хабарламаларымен келіспеуі) бірыңғай апелляциялық органға — ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі апелляциялық комиссияға келіп түседі, деп хабарлайды ҚР қаржы министрлігі баспасөз қызметі.
Шешімдердің объективтілігі мен бейтараптығын қамтамасыз ету мақсатында апелляциялық комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және оның ведомстволарының тиісті құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері де, қоғам өкілдері де («Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның кәсіби бухгалтерлері мен аудиторлары қауымдастығы, «Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы»ЗТБ) енгізілгенін атап өту қажет.
Бұдан басқа, мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында апелляциялық комиссия мүшелеріне қарсылық білдіру/өздігінен бас тарту көзделген, сондай-ақ отырыстарды міндетті аудио тіркеу көзделген.
Апелляциялық комиссия қарсылықты, шағымды қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін шығарады: қарсылықты, шағымды толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы; қарсылықты қанағаттандырудан бас тарту туралы, шағымды осындай шешім қабылдауды негіздей отырып.
Мәселен, 2022 жылы апелляциялық комиссияның 140 отырысы өткізілді, онда 1295 материал қаралды, оның ішінде 33,7% немесе 436 қанағаттандырылды (ішінара қанағаттандырылды).
Оның ішінде аудиторлық есептер бойынша 192 материал қаралды, олардың 66-сы қанағаттандырылды (ішінара қанағаттандырылды), камералдық бақылау хабарламалары бойынша 1103 қарсылық қаралды, оның ішінде 370-і қанағаттандырылды, (ішінара қанағаттандырылды).
Сонымен қатар, проблемалық мәселелерді жүйелі шешу және ден қою актілерінің сапасын жақсарту мақсатында апелляциялық комиссия отырыстарының қорытындылары бойынша заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу туралы, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган тарапынан бұзушылықтар мен кемшіліктер фактілеріне жол бермеу туралы шаралар қабылдау туралы тұрақты негізде ұсынымдар шығарады.










