Газ мәселесі шешімін таппақ. Бүгін газ және газ мотор отыны саласындағы ынтымақтастық туралы екі жақты меморандумға қол қойылды. «QazaqGaz» ҰК АҚ мен келісімге келген Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов Газ саласы Қазақстан экономикасының маңызды бөлшегінің бірі екеніне тоқталды.Меморандум “ҚазТрансГаз өнімдері” ЖШС Шымкент қаласының әкімдігі бөлген жер учаскелерінде автомобильдік газ толтыру компрессорлық станцияларын салу және пайдалануға беруге, көлік құралдары үшін табиғи газды үздіксіз қамтамасыз етуді қамтиды. Ал, Әкімдік тарапынан табиғи газды пайдаланатын қалалық қоғамдық көліктер санын ұлғайту талаптары бекітілді. Құжат Шымкент қаласының энергетика саласын дамытуға септігін тигізетіні анық. Газға деген сұранысты қамтамасыз етуге ықпал етед дейді жауаптылар!
Қазіргі таңда Қазақгаз компаниясының алдында тұрған басты мақсаттың бірі ол ресурстық базаны арттыру, газ өңдеу қуатын ұлғайту. Осы мақсатқа жету үшін қала әкімдігімен серіктестік орнатып отыр.
ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ
Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...










