Дүниежүзілік «Жер күні» мерекесі тойланды. Аталған іс-шара А, Асқаров атындағы Шымкент «Дендрологиялық» саябағында Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұйымдастыруымен өткізілді. 1882 жылыдан бастау алған мерекелік бағдарламаны тамашалауға ардагерлермен қала қонақтары арнайы келген. Мақсат
Жер күні мерекесі 1990 жылдан бастап халықаралық мейрам болып бекітілген. Айтулы дата қарсаңында әлемнің 141 елінен 200 миллион адам қатысқандығы туралыда деректер бар. Осынау мерекеге орай әлемде көптеген іс-шаралар қолғп алынып аумақтарды тазарту, ағаш отырғызу, табиғат пен экологияға арналған көрмелер мен конференциялар өткізілед.Соның бірі үшінші мегаполистің өкпесі саналған Дендрологиялық сабақтада орын алды. Салтанатты шара барысы әуезді әндермен әрленсе келген қонақтар табиғатты аялау қажеттігі туралы өз ой пікірлерін жеткізді.
іс-шараның өтуіне ұйытқы болған Сайрам-өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің негізгі мақсаты Батыс Тянь-Шань өңіріндегі экологиясы ерекше ғылыми құндылығы жоғары табиғи және тарихи-мәдени кешендермен нысандарды сақтап, қалпына келтіу болып табылады. Ұлттық парктің тарихына тоқталсақ 2006 жылы Төлеби, Түлкібас, Өгем, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау мекемелерін біріктіру арқылы құрылған.
Табиғат қорғау дегеніміз табиғат ресурстарын пайдалану барысында оның тиімді жолдарын іздеу, қайта түлету, бүліну, ластану жолдарынан сақтау және қорғауды жүзеге асыру. Ғалымдардың пайымдауынша Соңғы жылдары жер шарында барлық табиғат қорлары бұрын-соңды болмаған антропогендік өзгерістерге ұшырауда. Олардың ең бастысы- әлемдік климаттағы өзгерістер. Күн мен жел энергиясы сарқылмайтын қор болғанымен, өнеркәсіптің қарқындап дамуына байланысты ауаға зиянды газдар, шаңдар көтеріліп, адамдардың денсаулығына қауіп төндіруде. Бұл апатты құбылыстар өнеркәсібі шоғырланған ірі қалаларда өріс алып отыр. Ауа кеңістігінің ластануы Дүниежүзілік мұхиттар мен теңіздерге де өз ықпалын тигізуде.






















