Қоғамдық көліктегі мәдениетті көтеру, жолаушыларға жағдай жасау бойынша өзгерістер керек-ақ. Осы тұста кондукторларға қатысты мәселелер жиі көтеріліп келген болатын. Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыруда бірқатар шаралар қолға алынды. Міне, сондай бастаманың бірі – кондукторсыз автобус жүйесіне көшіру. 1 наурыздан басталған жобаға жан-жақты зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Осы орайда қалалық әкімдік тексеруші-бақылаушы 150 азаматты қызметке қосты. Олардың міндеті автобустарды аралап, жолаушылардың жолақысын төлегенін тексеру, бақылау жасау және жолақыны қалай төлеуге болатынын адамдарға түсіндіру.
Қоғамдық көлік саласындағы жаңалықтардың бірі – аялдамаларды дыбыстық жүйе арқылы хабарлау. Қазіргі таңда шаһарда №35, 27, 84, 12, 74 бағыттарда бұл жүйе кезең-кезеңімен енгізілді. Жаңа жобаны одан әрі жетілдіру жұмыстары жалғасып жатыр.













