Елімізде көктемнің алғашқы күні Алғыс айтудан бастау алады. Бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісімнің күні. Атаулы датада бүгін Достық үйінде “Қазақ еліне мың алғыс” атты шара өткізілді. Осынау күні қаламыздағы зиялы қауым мен түрлі этнос өкілдері Қазақ еліне мың алғыс монументіне гүл қою рәсімін өткізді.
ТӘТТІГҮЛ ТАЛАЕВА “ПАРАСАТ” ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Ақтөбе облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік марапаты – «Парасат» орденімен марапатталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт...













