Шымкентке еліміздің Оқу ағарту министрі де келді. Жұмыс сапарымен жүрген Ғани Бейсембаев білім, ғылым саласындағы жұмыстарды көзбен көрді. Маңызды мекемелерге бас сұғып, мәселермен таныс болды. Педагогикалық білім беретін іргелі оқу орны, Ішкі істер департаменті, No65 мектеп-гимназияСЫ. Үш бірдей нысанға барып, тыныс-тіршілігін білді.
Оқу-ағарту министрінің жұмыс сапарында алғашқы нысан шаһарымыздағы педагогикалық білім беретін іргелі оқу орны. Яғни ОҚПУ-нің қарсы алдында тұрған “Ұстазға тағзым” ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті. Биылғы жылдың түлектері 4 курс студентерінің негізгі мәселесі оқу бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу. Осы жағдайды алдыға шығарған студенттер министірмен пікір алмасты.
Студенттермен болған жарқын жүздесуден соң, Шымкент қаласы Полиция департаментінің “Жедел басқару орталығының” жұмыс барысымен танысты. Білім ұяларының толығымен бейне бақылау камераларымен қамтылғанын көріп. Қауіпсіздік мәселесі басты назарда екендігін жеткізді. Басқа өңірлерге қарағанда үшінші мегапоис бұл бағыт бойынша алдыда деп баға берді.
No65 мектеп-гимназиясының қосымша құрылыс барысымен танысқан министр, құрлыстың сапалы шығуын назарда ұстауды тапсырды.Нысанның схемалық картасымен танысқан министр, құрлыс обектісін аралап шықты.
















