Әйтенов әйелдерді мерекемен құттықтады. Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында шаһардың аруларына құрмет көрсеткен әкім «Домалақ ана» операсын тамашалады.
Мерекелік іс-шара Шымкент қалалық опера және балет театры ғимаратында тойланды. Тасқын Жармұқаметтің «Домалақ ана» операсын арулар мен ардақты аналардың назарына ұсынылды. Шара барысында Мұрат Әйтенов қыздардар қауымын төл мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Мерекені ерекше бір күйге бөлеген Қазақ тарихындағы аты аңызға айналған абыз ана, дана ана, қасиетті «Домалақ ана» туралы қойылған опера. Қазақ халқынның өзіне тән қасиетті ана бейнесі «Домалақ ана» операсында тереңдікпен жеткізілген. Жас қыз Нуриланың ана атанып, өсиет пен рухани құндылықтарға және аналық мейірге толы ғұмыры арқылы ана махаббатының қуаты өте кең әрі шынайы көрсетіліп, суреттеледі. «Домалақ ана» операсы тек аналық қайсар жүрек пен қалың елге тараған кең пейілділікті айшықтап қана қоймай, қазақ халқының тарихында маңызды оқиғалардың қозғаушысы болған Бәйдібек батырдың өз халқына деген сүйіспеншілігімен бір арнаға тоғысып, қазақ елінің тарихи тереңдігін, мәдени көркемдігін кеңінен қамтиды. Екі күнге созылған Туының осы күнге дейін 50 ге жуық көрсетілімі өткен. Дегенмен жаңа форматта, ықшамдалып бүгін қайта көрермен назарына ұсынылды.












