• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 14, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН АТШАБАР — ШЫМКЕНТТЕ

22.03.2023
0

Көктемгі Наурыз мейрамы қарсаңында Шымкенттегі Бозарық ауданында жаңа ипподромның ресми ашылуы өтті. Іс-шара ауқымды Great Qazaq Games ұлттық ойындарына ұласты. Жаңа нысанның ашылу салтанаты «Наурыз Шымкенттен басталады» атты мерекелік шараның аясында өтті. Ашылу салтанаты әр өңірдің салт-дәстүрін насихаттайтын Батыс пен Шығыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің керуенін күтіп алудан басталады. Бұл керуендердің құрамында әр өңірді белгілі өнерпаздары мен спортшылары болды.

Салтанатты шараның алғашқы күнінде-ақ ипподром 4000-ға жуық адамды қызықтырған орталыққа айналды. Great Qazaq Games ұлттық ойынына 17 облыс пен республикалық 3 ірі қаладан қонақтар қатысты. Сонымен қатар іс-шараға Қырғызстан, Өзбекстан және Әзірбайжаннан да спортшылары келді.

Фестиваль 22 наурызға дейін ұлттық спорт түрлері, ұлттық тағамдар, ұлттық киімдер, ұлттық шығармашылық секілді төрт номинация бойынша байқау форматында өтеді. Ойындардың жүлде қоры 100 000 000 теңгені құрайды.

Іс-шара барысында барлық келген қонақтар үшін ипподром жанынан сауда алаңдары, ұлттық тағамдары бар мекемелер, әртістер мен сәнгерлерге арналған сахналар, балалар мен ересектерге арналған ойын-сауық алаңдары, сондай-ақ шеберлік сағаттары, қолөнершілердің көрмелері мен жәрмеңке өткізілетін 160 киіз үйден тұратын этникалық ауыл ашылды.

Great Qazaq Games бірегей жобасы Мәдениет және спорт министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Шымкент қаласы әкімдігі мен құрылыс компаниясының қолдауымен жүзеге асты.

Наурыз Шымкенттен басталады атты шарада алдымен Батыс керуенін елімізге белгілі әнші  Т.Асар, Шығыс  керуенін дәстүрлі әнші А.Балажанова, Солтүстік керуенін танымал эстрада әншісі М. Садуақасова, Оңтүстіктің керуенін жергілікті дәстүрлі әнші Н. Серікбаева бастап шықты.

Қала әкімі М.Әйтенов осынау үлкен кешенді өз қаржысының есебінен салып, Шымкент қаласына тарту еткені үшін BI GROUP компаниясының басшылығына алғысын айтты.

— Бүгін ел игілігіне тапсырылып отырған жаңа ипподром қаламызда ғана емес, еліміздің ат спорты индустриясының дамуына жол ашады деп нық сеніммен айта аламыз. Осы орайда жаңа ипподромды қаламызға сый ретінде тарту еткен  BI Group компаниясына Шымкент тұрғындарының атынан алғыс білдіреміз, — деді әкім.

20 айда бой көтерген жаңа ипподром – Қазақстандағы ең үлкен ипподром.

BI Group Директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев:

Осы өңірдің балаларына жақсы, заманауи жағдайда кедергілерді атпен қарғып өтумен айналысуға мүмкіндік беретін бұл жобаны жүзеге асыру біз үшін үлкен мәртебе болды. Нысанды уақытында тапсыру үшін тәулік бойы жұмыс істеген құрылыс бригадасы қыруар жұмыс атқарды. Компания уәде еткендей, біз бұл ипподромды Шымкент қаласына сыйлық ретінде өз қаражатымызға салдық. Жаңа ипподромның салынуымен ат спортының болашағы зор боларына сенімдімін!

Ата-аналар мен олимпиадалық резервтегі ат спорты мектебінің өкілдері де компанияға жаңа ипподромда жаттығу жасауға мүмкіндік бергендері үшін, сондай-ақ Шымкент пен Түркістан облысының командасын оқу-жаттығу жиындарына жіберуге демеушілік көрсеткені үшін алғыс білдірді. Осы қолдаудың арқасында спортшылар Қазақстан-2022 жаһандық туры аясында 7 жүлделі орынды және «Almaty Horse & Polo Club кубогы» аясында 3 жүлделі орынды иеленді. Естеріңізге сала кетейік, қоғам қайраткерлері мен спортшылар ескі ипподром инфрақұрылымының ескіруіне және жарамсыздығына байланысты ат спорты үшін заманауи орын қажет екенін бірнеше рет атап өткен болатын.

39 гектарды алып жатқан жаңа атшабар еліміздегі ең үлкен бәйге алаңына айналмақ. Барлық халықаралық талаптарға сай бой көтерген  нысанның пайда болуы қаламызда ғана емес,еліміздің ат спорты индустриясының дамуына жол ашады. Ипподром 1500 көрерменге арналған, сондай-ақ аумағында ат аренасы бар манеждер, жабық стенд ғимараты, ветеринарлық блок, 300 ден астам көлікке арналған тұрақ қарастырылған. Трибунаның жоғары қабатында ашық терраса бар.  Ұзындығы 2012 метр жарыс жолы салынған. Көкпарға, атпен секіруге арналған алаңдар кварцты құмдармен, табиғи тастармен безендірілген. Айта кетейік, Әлемдік стандарттарға сай салынған жаңа иипподром мегаполистегі халықаралық спорт және ойын-сауық жарыстары өтетін басты локация болмақ.

Үшінші мегаполистегі атшабар туристердің қатарын арттыратын бірден-бір нысан болмақ. Себебі, мұнда заман талабына сай барлық жағдайлар халық үшн ыңғайластырып жасалынған.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ДАЙЫНДАЙТЫН «SAQ-2024» ЖОБАСЫ

Айғақ медиа
12.11.2025
0

«SAQ-2024» жобасы шеңберінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім алушыларының қауіпсіз мінез-құлық...

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

ЕСТЕЛІК НҰРБЕК ТӨКЕЕВ

Айғақ медиа
10.11.2025
0

Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім...

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.