Сейсенбі күні, 28 ақпанда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
Күн тәртібінде:
- Орталық және жергілікті атқарушы органдардың 2023 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы;
- Халыққа онкологиялық көмек көрсету.
Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналынан көре аласыздар.