Енді Қазақстанда Соңғы қоңырау 1 маусымда атап өтіледі.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова айтты.
«Барлық қазақстандық мектепте оқу жылының ұзақтығы — 36 апта. Дәстүр бойынша, оқу жылының бірінші күні — 1 қыркүйек, ал биылдан бастап соңғы оқу күні — 31 мамыр. Бұл күні оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес, сабақтармен қатар, сабақтан тыс шаралар өткізіледі. 1 маусым — жазғы каникулдың алғашқы күні, сонымен қатар, бұл күні балаларды қорғау күнімен қатар, мектептерде соңғы қоңырау мерекесі өткізіледі», — дейді ол видеода.
Тенгри нюс