
Облыс орталығы Түркістан қаласында ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Айғақ» ақпараттық порталының тілшісі.
Облыстық және аудандық мәслихат депутаттары “Congress Holl” кешеніне жиналып, тіркеуден өтті.
Түркістан облысынан үміткер ретінде Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек пен Ордабасы ауданы әкімдігінің аппарат басшысы Мирамбек Ақмұратов тіркелген.
Республика бойынша Сенат депутаттарын сайлауға 3 168 дауыс беруші қатысады. Ең көп дауыс беруші Түркістан (317 дауыс беруші) және Қостанай (263 дауыс беруші) облыстарында. Ал ең азы Астанада – 31, Шымкентте – 30 және Алматыда – 38.
Айта кетейік, Сенат депутаттарын сайлау күні, яғни бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсы арқылы сайлаушыларды тіркеуді және дауыс берудің алдын ала қорытындыларын шығаруды онлайн-байқау сервистері жұмыс істейтін болады.